🌀⚜Абай мектептері желісі арасында 06.09.2021-06.10.2021 жыл аралығында республикалық «Қазақ тілі – ұлттық болмыс негізі» атты қазақ тілі айлығы жоспарға сәйкес өткізілуде. Қазақ тілі айлығы аясында 2021 жылдың 10 қыркүйек күні Абай атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебінің ұйымдастыруымен 9-сыныптар арасында А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай республикалық «Ұлт мәдениетінің Хантәңірі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шара мақсаты: Ұлт реформаторы – Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын, еңбектерін оқушыларға танытып, тәрбиелік мәнін ұқтыру. Шығармашылығын жан-жақты талдап, оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.