ЖАС ТІЛШІ

Сен 27, 2021

💫Биыл мектебімізде «Абайтану» шығармашылықты дамыту үйірмелер желісі орталығы өз ісін алға қойды. Осы орталық аясындағы «Жас тілші» атты үйірме жұмысы алғашқы бастамасын көрсетуде.

Үйірме жұмысы Murager Production студиясымен бірлесіп жасалады. Өз оқу ордасын таныстыру, насихаттау, қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектептердің рөлін айшықтауға арналған жаңалықтар қызметін көрерменге ұсынды.

Үйірме мақсаты:- Оқушының қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына, кәсіби бейімделуіне жағдай жасау;- Оқушының шығармашылық ізденістерін, ойлау, зерттеу қабілеттерін арттыру.

Үйірме жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жүсіпбек Назерке