2021 жылдың 23 қыркүйек күні мектеп директоры және Қамқоршылық кеңес мүшелерімен біріккен жиналыс өтті. Жиналыс барысында мектеп директоры Ж.Садвакасова сөз алып, мектебіміздің алдағы «Ұстаздар күніне» орай өткізілетін марапаттау рәсімімен таныстырды.

Атап айтқанда, былтырғы 2020-2021 оқу жылында үздік жетістіктер көрсеткен мектебіміздің ұстаздары, оқушылары, қызметкерлері арасында

«Үздік секция»,

«Үздік педагог»

«Үздік сынып жетекші»

«Үздік оқушы»

«Үздік ата-ана»

«Үздік бастауыш сынып жетекшісі»

«Үздік шығармашыл ұстаз»

«Үздік мектеп қызметкері»

сияқты номинациялармен марапатталатынын және бұл шара дәстүрлі түрде өтілетінін жеткізді. Қамқоршылық кеңес мүшелері ұстаздар мерекесі қарсаңында марапатталу ұсынысын құптады.