Қызылорда облысының білім басқармасының 2021 жылғы 6 қараша күнгі 160 бұйрығының негізінде «БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ» пилоттық жобасы мектебімізге ендіріліп, 2021жылдың 10 желтоқсанында «БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНЫҢ» ашылу рәсімі өткізілді.
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА
ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУ ЗАЛЫ
COWORKING
АБОНОМЕНТТІК БӨЛІМ
ФОТО-ВИДЕО СТУДИЯ
КІТАП ӨҢДЕУ ШЕБЕРХАНАСЫ жұмыс жасайды.
COWORKING
Қызылорда қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының үйірме жетекшілері мектебізде ашылған балалар кітапханасына ИНФОКИОСК шығармашылықпен жасаған бұйымын сыйға тартты.
Инфикоскке АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ енгізілген.
Қызылорда қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығына мектебіміздің атынан АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ.




ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУ ЗАЛЫ
Электрондық оқу залы арқылы кез келген оқырман цифрлық ресурстарға қол жеткізе алады. Білім алуға қажетті контенттерді кеңінен пайдалануға мүмкіндік бар. Ұстаз да, оқушы да электронды оқыту технологияларын, яғни онлайн білім беру қызметтері, білім беру кешені мектеп бағдарламасындағы негізгі пәндерді меңгеруге арналған құралдар, халықаралық тест түрлеріне
iMektep
iTest
Bilimland
Twing
TOEFL
IELTS
FLEX
КАЗТЕСТ қол жеткізе алады.
Мектебімізде ашылған COWORKING орталығына информатика пәні мұғалімі Балтабекова Ғалия арнайы сайт жасады.
Сайтта «Оқуға құштар мектеп» жобасын басшылыққа ала отырып қазақ, орыс және ағылшын әдебиеттерін меңгеру үшін қажетті
ОҚУЛЫҚТАР МЕН АУДИОКІТАПТАР,
ҚАЗАҚ КИНОСТУДИЯСЫНЫҢ ФИЛЬМДЕРІ,
Қазақстандық және Ресей мемлекетінің ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНАЛАРЫН қолдануға мүмкіндік бар.




АБОНЕМЕНТТІК БӨЛІМ
Оқырмандарға кітапханадан әдебиеттерді үйге алуға мүмкіндік беретін бірден-бір бөлім – Абонемент бөлімі. Бөлімнің қоры қазақ және орыс тілдерінде әмбебап оқулықтармен ғылыми-көпшілік әдебиеттерден көркем әдебиеттерге дейінгі ғылымның әр саласын қамтиды.
АБОНЕМЕНТ БӨЛІМІНЕН оқырмандар өздеріне қажетті әдебиетті үйіне жаздырып алуға болады.Абонемент залынан бір уақытта саны 5 данадан аспайтын кітаптарды 15 күндік мерзімге үйіне алып оқуға рұқсат етілген.



1750 кітап
Қалалық білім бөлімі тарапынан «БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНА» көркем әдебиеттер берілді.
Қазақ әдебиетінде оқылуға тиісті 100 кітаптың 17 атауы бойынша барлығы 1750 кітап берілді.Рухани байлықты арттырып, қазақ елін жақсы түсінуге көмектесетін 17 кітаптың атауын ұсынамыз
• ШЕРХАН МҰРТАЗА «СОҒЫСТЫҢ СОҢҒЫ ЖЕСІРІ»
• МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ «ҮШ БАҚЫТЫМ»
• БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ «ҰШҚАН ҰЯ»
• МҰХТАР ӘУЕЗОВ «ҚОРҒАНСЫЗДЫҢ КҮНІ»
• ЖҰБАН МОЛДАҒАЛИЕВ «МЕН ҚАЗАҚПЫН»
• БЕРДІБЕК СОҚПАҚПАЕВ «МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА»
• ӘЗІЛЗАН НҰРШАЙЫҚОВ «МАХАББАТ ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР»
• СМАҒҰЛ ЕЛУБАЕВ «АҚ БОЗ ҮЙ»
• МҰҚАН ИМАНЖАНОВ «АЛҒАШҚЫ АПАЙЛАР»
Балалар кітапханасы бұдан әрі кітап қорымен байытыла береді.
Кітап оқу және ұрпағымызды кітап оқуға баулу біздің борышымыз!




СКАНЕР ScanSnap SV600
Мектебіміздегі балалар кітапханасында жаңа үлгідегі сканер ScanSnap SV600 жұмыс жасауда. Бұл сканер кез-келген кітапты, газетті, құжатты ешқандай кедергісіз қалауыңызша сканер жасап шығарады.
ScanSnap SV600 сканерінің қызметі
Бір батырманы басу арқылы сканерлеу
А3 форматты 3 секундтың көлемінде сканерлеу
КІТАП сканерлеу барысында майысқан жерлерін өз қызметімен түзету
Саусақтың іздері түскен жерлерін жою

ФОТО-ВИДЕО СТУДИЯ
Мектебіміздегі балалар кітапханасында фото-видео студия жұмыс жасайды.
ФОТО-ВИДЕО СТУДИЯДА
ҚЫСҚЫ МЕТРАЖДЫ ФИЛЬМДЕР
МЕКТЕП ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
ӘЛЕУМЕТТІК СОЦИАЛИСТІК РОЛИКТЕР
ҮШ ТІЛДЕ ОНЛАЙН ВИДЕО САБАҚ
БУКТРЕЙЛЕР
АБАЙ ОҚУЛАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҮШ ТІЛДЕ ОНЛАЙН ВИДЕО САБАҚ түсірілуде. Мектеп мұғалімдеріміздің үш тілде түсірген видео сабақтарын YouTube сілтемесі арқылы көре аласыздар https://youtu.be/GEmIrqrsLlc
Фото-видео студияның материалдық базасы дамыған. Алдағы уақытта мектеп оқушыларымен түрлі қызықты видеолар түсіріледі.


