🔰Қызылорда облысының мемлекеттік архиві Балалар жылына орай «Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жобасы аясында «Тарих тағылымы» интеллектуалды сайыс ұйымдастырды. Бұл байқауға мектебіміздің «GOLDEN WORDS» дебат клубының 8-9 сынып оқушылары қатысып, жүлделі 🥇 орын иеленді.
💫 Байқау 2-кезеңнен:
1️⃣ «Ұшқыр ой» тірек сөздерді құрастыра отырып эссе жазу
2️⃣ «Өлке тарихы -ел тарихы»- архив құжаттары негізінде дайындалған викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар өз білімдерін көрсетіп, білім додасында бақ сынады.
🔰Шара барысында оқушылар архив қорындағы құнды құжаттармен танысып, тарихи жәдігерлердің сақталу және цифрландыру бойынша танымдық сағаты өткізілді .
🔰Ұшқыр ойлы жастарға жетекшілік еткен тарих пәнінің мұғалімі Сайлауова Жамиля Қайратқызы.
🎉🎉🎉Жеңістеріңіз құтты болсын!🎉🎉🎉 Оқушыларымыз жеңіс тұғырынан көріне берсін. 🎉🎉🎉