Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 7-9 аралығында Астана қаласында ҚР оқу-ағарту министрлігі ұйымдастыруымен Қазақстандағы балалар жылы: Балалар құқығын қорғау саласындағы өзекті мәселелер, басты түйіткілдер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конференциясы болып өтті.
🔰Конференцияға мектебіміздің 9 «Р» сынып оқушысы, “ЖАС ҰЛАН” ұйымының белсендісі, Қызылорда облысы бойынша бала өкілі — Нұрлан Нұрдәулет қатысып, ҚР оқу ағарту министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлымен бала құқығы жайында мәселелер талқыланды.