Шуақты күздің алғашқы күні шартарапта соғылып жатқан алғашқы қоңырау, білім күні мерекесін АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҮШ ТІЛДЕ ОҚЫТАТЫН ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН СЫНЫПТАРЫ БАР МЕКТЕБІ үлкен дайындықпен қарсы алды. Білім биігіне жетелер мектеп табалдырығын төрт жүз 1 сынып оқушысы аттап, «Мектебім – мейірім мекені» салтанатты жиынына қатысты.
🌟Салтанатты жиынға арнайы қатысқан қонақтарымыз Облыс әкімінің орынбасары Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы мен Қызылорда Облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Утегенов Амиржан Сермаханович және мектеп директоры, Қызылорда қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы, Қызылорда қалалық мәслихат депутаты Садвакасова Жаннат Мылтықбайқызы ашып, ұстаздар мен оқушыларды білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, ыстық лебіздерін білдірді.
🌟2-11 сыныптар бойынша «Мектебім — мейірім мекені» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.