Қызылорда облысының білім басқармасының
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы үш тілде оқытатын
дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 29 қаңтар күні 2023-2024 оқу жылына конкурстық негіздегі
мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бос жұмыс орны
қызметіне жарияланған конкурсына 1 (бір) кандидат құжаттарын тапсырды.
Конкурстық комиссия кандидаттардың құжаттарының
Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізді. Кандидаттар құжаттары
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан
босату қағидаларын бекіту туралы» қағидасының 154 — тармағына сәйкес қарады.
Конкурстық комиссия кандидаттардың құжаттарын қарау нәтижелері бойынша осы
Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес бағалау парағында кандидат көрсеткен балдарды
есептеуді жүзеге асырды.
Конкурс нәтижесі бойынша
бағалау парағына сәйкес директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бос
жұмыс орнына 28 балл жинаған кандидат Алимова Венера Маратовна өтті деп
есептеліп, білім беру ұйымының басшысына тағайындауға ұсынды.