Abai School газеті

Жаңа оқу жылынан бастап Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептен «Abai school» басылымы оқырманға жол тартты. Басылым мектептің жаңалығымен қатар оқушылардың шығармашылығынан сыр шертеді. Газеттің негізгі мақсаты — білім алушыларды шығармашылыққа шыңдау және мектебіміздің тың жаңалықтарын оқырман қауыммен бөлісу.
Басылым 4 беттен тұрады. Басты бетте мектептің айшықты ақпараты жарияланса, 2-3 беттерден редакцияның жас тілшілерінің мақалалары сондай-ақ оқушылардың шығармашылығынан таныс боласыздар. Соңғы бетіміз бітіруші түлектерге керекті кеңес пен ҰБТ-ға бағыт бағдар беріледі.
«Abai school» газеті айына бір рет шығарылды. Таралымы 100 дана.