"Даланың дара ұстазы -Ыбырай Алтынсарин"








Кітапхана туралы мәлімет
Коворкинг орталықта кітап оқушылар брифингі, кітап оқу конференциясы, ақын-жазушылармен, соғыс ардагерлерімен т.б. қоғам қайраткерлерімен кездесу кештері, мұғалімдерге әдістемелік көмек сағаты, оқушылар мен мұғалімдердің ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадаларға дайындық жүргізу, «Әдеби Джем», «Кітапты тап», «Bookpicture», «3D flipbook», «Bookbingo» сынды тренинг ойындары, психологиялық-ағартушылық тренингтер, әдеби шығарма желісі негізінде сахналық қойылымдар қою жұмысы күннен-күнге өз жалғасын табуда. Жалпы алаңы 337 кв. метрді құрайтын кітапхананың материалдық-техникалық базасы ауқымды, оқырманға қауіпсіз заманауи үлгімен жасақталған. Кітапханада біліктілікті арттыру бағытындағы ақпараттық ресурстар,оқу-әдістемелік әдебиеттер, мерзімді басылымдар қоры жинақталып, сақталған. Сонымен қатар, «Bookcrossing» жобасын жүзеге асыруға негізделген қабырға бар. Онда оқырмандар кітап алмасып, оқыған кітаптарымен өзара бөліседі. «100 кітап» жобасы аясында қазақтың танымал классикалық шығармалары мен әлемдік әдеби кітаптардың қолжетімділігін QR-кодтар арқылы оқуға мүмкіндік бар. WI-FI-қолжетімді, интернет желісі қосылған.LED теледидар, принтер бар. Абонемент залы, оқу залы, кітап сақтайтын қойма орналасқан. Автоматтандырылған оқу залындағы компьютерлерде Қазақстанның және шетелдің кітапханаларымен байланыс жасай алатын сілтемелер жүктелген. Мұнда электронды кітап қоймасында іздеу жүйесі қарастырылған, кітапты атауымен, авторымен, шығу мерзімі және басқа да мәліметтер мен деректерді тауып алуға болады. Жалпы кітапхананың кітап қоры 165 953 болса, оның ішінде көркем әдебиет қоры 14043,оқулық 151 600,электронды оқулық саны 310 дананы құрайды.Мектеп кітапханасы қорында әлем әдебиеті ,қазақ ақын-жазушыларының шығармалары,орыс тілінде және ағылшын тіліндегі көркем әдебиеттер және де мұғалімдерге арналған әдістемеліктер,энциклопедия мен анықтамалық кітаптар бар. Мектеп кітапханасы жыл сайын мерзімді басылымдарға ұдайы жазылып тұрады. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ақын шығармашылығына арналған көрме оқырмандардың қызығушылығын тудыруда.
Кітапханадағы көрме атаулары : «Елбасы. Ел бірлігі. Ел сенімі» , «Жаңартылған білім мазмұнынан арналған әдістемелік бұрыш», «Менің елім – Қазақстан», «Атаулы мерекелік күндер», «Рухани жаңғыру – ұлт болашағы», «Өткізілген іс-шаралар бұрышы» т.б.



