Білім ордамыздағы алғыр ойлы, сөзге шешен жастарға арналған «GOLDEN WORDS» пікір сайыс клубының ашылу салатанаты өтілді. Дебат клубының ашылу аясында тарих ғылымдарының магистрлары Серікбаева Мадина Болатбекқызы және Сайлауова Жамиля Қайратқызының ұйымдастырумен мектепшілік «Ұшқыр ой алаңы» пікір талас турнирі өтті. Мерейлі шараға «Қызылорда Ақиқат-Айнасы» Жастар Қоғамдық Бірлестігінің төрайымы Аяжан Қанатқызы мен Ағжан Ғалымжанқызы қатысып, төрешілік етті.
Турнирге мектебімізден бес фракция қатысып, жас дебатерлар өздерінің көзқарастарын сенімді қорғап, дәлелді фактілермен талассыз дәлелдер келтірді. Қонақтар мен жанкүйерлер бес фракцияның ойынына жоғары баға берді.
Нәтижесінде:
     🥇І – орынды «Шыңдық шыңы» фракциясының мүшелері: Жұмадин Ұлдана мен Манатова Аружан,
     🥈ІІ – орынды «Қайтпас қайсарлар» фракциясының мүшелері: Нұрымбетова Айзеремен Әбдікәрім Гүлнұр,
     🥉ІІІ – орынды «Зелёный огонёк» фракциясының мүшелері: Төлебай Ердаулет пен Жұмабек Айжан жеңіп алды.
      «Ең үздік спикер» номинацияларымен «Мәңгілік ел ұрпақтары» фракциясының лидері Мұхтаров Ермахан, «Strongers» фракциясының лидері Шазында Ерке, «Қайтпас қайсарлар» фракциясының лидері Нұрымбетова Айзере марапатталды.
     «GOLDEN WORDS» клубының жетекшісі болып Сайлауова Жамиля Қайратқызы тағайындалды. Алдағы уақытта да клуб ұжымы жас пікір сайысшыларға шешендіктің шыңына шығудың құпияларын ашып, сөз өнерін меңгертуге барлық күш-жігерін жұмсамақ.
     Адамзаттың аса құдіретті құралдарының бірі — сөз қаруына — иелік еткісі келетін әрбір отансүйгіш жас азамат үшін «GOLDEN WORDS» пікірсайыс клубының есігі әрдайым ашық!