PIRLS-2021

«PIRLS — бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын бағалау» халықаралық зерттеуі

Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектепте 2021 жылдың 15 қазанында «PIRLS — бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын бағалау» халықаралық зерттеуі өтілді. Зерттеуге білім жетістіктерін бағалаудың Халықаралық Қауымдастыға (IEA) кездейсоқтық іріктеу бойынша 2 сыныпты, яғни қазақ сыныбынан 5 «Q» сыныбын және орыс сыныбынан 5 «S» іріктеліп алынды. Екі сынып оқушылары және оқушыларының ата-аналары да белсенді қатысып, берілген сауалнамаға жауап берді.

📌📊PIRLS-2021 Халықаралық зерттеуінің негізгі кезеңіне дайындық бойынша мектеп үйлестірушілерін және тест әкімшілерін оқытуға арналған онлайн семинарларына қатысқаны үшін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары ГҮЛЗИРА САҚТАПБЕРГЕНҚЫЗЫНА СЕРТИФИКАТ БЕРІЛДІ.