Бүгін мектебімізде ағылшын тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен 9-сынып оқушылары арасында карантин режимін сақтай отырып “SPELLING BEE” атты байқауы өткізілді.

Байқаудың негізгі отаны 🇺🇸АҚШ мемлекеті;

Байқау:
🇬🇧 Ұлыбритания;
🇦🇺Австралия;
🇳🇿Жаңа Зеландия
🇨🇦Канада
🇲🇽Мексика
🇮🇩Индонезия;
🇵🇰Пакістан сияқты ағылшын тілі жақсы дамыған мемлекеттерде дәстүрлі түрде өтіп тұрады.

Байқаудың мақсаты:
♦️ағылшын тілін жетік меңгеруге бағыттай отырып, сөздік қорының кеңейюіне жол ашу;
♦️оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын оятып, сауаттылығын арттыру.

Байқаудың шарты:

🔸Арнайы берілген күрделі сөздерді әріптеп, мүдірмей, еш шатаспай айта алған оқушы жеңімпаз атанады.

Байқау нәтижесі бойынша:
🥇 І орын — Нұрымбетова Айзере;
🥈ІІ орын — Бельгибаева Ясмина мен
Бектұрған Бекжан;
🥉 ІІІ орынды Шазында Ерке иеленді.

Додаға қатысқан барлық үміткерлер арнайы сертификаттар мен дипломдармен марапатталды.