Last Updated on 11.02.2021 by Nauriz91

Биылғы оқу жылы мектебіміздің атауы ғана өзгеруімен емес, сондай-ақ мектебіміздің материалдық-техникалық базасының да заманауи пән кабинеттерімен жабдықталуымен де ерекшеленіп отыр. Атап айтатын болсақ:

🔬ФИЗИКА;

🦠БИОЛОГИЯ;

🌡ХИМИЯ;

♻️STEM-ЛАБОРАТОРИЯСЫ берілді.04 ақпан күні 👩‍💻🧑‍💻информатика пән бірлестігіне қарасты ♻️STEM-лабораториясының ашылуы болды. Мектеп директоры Садвакасова Жаннат Мылтыкбаевна лабораторияның жұмыс жасауының алғашқы қадамдарына сәттілік тілеп, лентасын қиды. Және де алдағы уақытта STEM-лабораториясы оқушылардың жан-жақты білім алуына, ғылыми-шығармашылық жұмыстармен айналысуына, тәжірибелік тұрғыда білім-біліктерін функционалдық дағдыларға айналдыруына зор ықпал ететін атап өтті.Информатика пәнінен STEM-лабораториясының ашылу салтанатына орай ұйымдастырылған 🌐«Web-сайт білгірлері» атты сайыс өткізілді. Сайысқа 10-11 сынып оқушыларынан құралған «Сервер», «Хостинг», «Домен» командалары қатысты. Сайыстық мақсаты – оқушылардың ақпараттандыру әлеміндегі веб-сайттардың маңызын және веб-парақшалар жасау жолдарын меңгерту.Сайыс қорытындысы бойынша «Домен» командасы – І орын, «Сервер» командасы – ІІ орын, «Хостинг» командасы – ІІІ орынды иеленді. Және де сайыс барысында өзінің алғырлығы мен тапқырлығымен ерекше көзге түскен оқушылар да Алғыс хаттармен марапатталды. Сайыс аяқталғаннан кейін оқушылар және кеш қонақтары кабинеттің заманауи құралдарымен, яғни, әртүрлі роботтармен, ағаш және темір станоктарымен, 3D-принтердің жұмыс барысымен танысып, ерекше әсерлерімен бөлісті.